
Ағымдағы жылдың 20 наурызында Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасы, Цифрлық технологиялар орталығы, IT-HUB 109 iKomek және ІТ ассоциациясымен бірлесіп Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы «Кош келдің – әз Наурыз!» мерекелік шарасы өткізілді. Шарада мерекелік қойылымдар қойылып, салт-дәстүр және ұлттық тағамдар таныстырылып, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға үздік белсене қатысқандар марапатталды.