
#Repost @nursultan.nurlan.n
・・・
Көрісу күні - амал мерекесі.
14 наурыз күні елімізде "Көрісу күні - амал мерекесі" аталып өтеді.
Бүгін Цифрлық технологиялар басқармасы мен 109 қызметінің ұжымдары болып, өзіміз отыратын ғимараттағы әріптестерімізбен көрісіп, құттықтап шықтық.
Ежелден келе жатқан дәстүр батыс аймақтарда ерекше аталып, соңғы жылдары еліміздің барлық аумақтарында кеңінен таралып жатқаны қуантады.
Жалпы, халық арасында амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.
#nauryznamabqo