
Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсұлтан ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Казталов ауданына байланыс және интернет мәселелері бойынша іссапармен барды. Кездесуге аудан депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Іссапар барысында аудандағы елді мекендердің, оның ішінде Әбіш, Жаңажол, Саралжын және Жалпақтал ауылдарын интернетпен қамту және оның сапасын жақсарту бойынша өңірлік “Қазақтелеком” АҚ және “Кселл” АҚ байланыс операторларының өкілдері және өңіраралық байланыс инспекциясы басшысымен бірлесіп талқыланды.