Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсұлтан Бәйтерек ауданына цифрландыру, байланыс желісі және интернет мәселелері бойынша іссапармен барды.

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсұлтан Бәйтерек ауданына цифрландыру, байланыс желісі және интернет мәселелері бойынша іссапармен барды. Басқарма басшысы қоғам белсенділері, жергілікті ауыл әкімдері және аудан депуттаттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Басқарма басшысы 2023 жылы 11 ауылда (Махамбет, Жаңатан, Январцево, Переметное, Озерное, Қайнар, Янайкино, Красноармейское, Достық, Егіндібұлақ ауылдары) мобильді интернетпен қамтылғанын және бюджет қаражатынан «Сырым» автобекеті, Жайық, Мирное, Палово, Ченарово ауылдарында салынған антенна –діңгек құрылғыларына ағымдағы жылда байланыс және мобильді интернет желісімен қамтылатынын хабарлады.
Сонымен қатар жергілікті ауыл әкімдері басқарма басшысына байланыс және интернет мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.