Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 7 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңнің басты міндеттерін айқындап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 7 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңнің басты міндеттерін айқындап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 7 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңнің басты міндеттерін айқындап өтті. Соның ішінде цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интелект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды екенін еске салды. Сондай ақ, нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға қолжетімді IT мамандарды арттыру мақсаты алға қойылды.
Осы мақсатта, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Astana Hub халықаралық технологиялық паркімен «Tech Orda» бағдарламасы жүзеге асырылып IT-мектептермен курстар ашу мүмкіндігі қарастырылды.
Айта кететін болсақ, «Tech Orda» бағдарламасының мақсаты жекеменешік IT-мектептерді қаржыландыруды және IT маман болғысы келетін азаматтарға ваучерлер беруді көздейді. Қаржыландыру сомасы (ваучер) бір студентке 600 000 теңгеге дейін. Бұл тұрғындардың IT салада сапалы тегін білім алуға бірегей мүмкіндігі.
Қазіргі таңда, БҚО цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен БҚО IT HUB базасында бағдарламалау мектебі 28 жас маманға өткізілуде. Курсты жергілікті және IT-компаниялардың инженерлері оқытады. Курс аясында тыңдаушылар html беттеу, web-дизайн және web-бағдарламалау дағдыларын игеретін болады. Жалпы 2 жыл ішінде жеделдетілген бағдарламау курстарынан 47 жас маман өтіп, жергілікті IT компанияларда жұмыс істейді.