
Цифрлық технологиялар басқармасында жоғары оқу орны студенттері мен жоғары сынып оқушыларына «OPEN DAY» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Цифрлық технологиялар басқармасының мамандары жастарға кәсіби бағдар ретінде мемлекеттік қызмет туралы мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметтің бағытымен, ерекшеліктерімен, мамандық ретінде болашағының зор екенін, қызметке орналасу тәртібімен бөлісті.
IT саласына бейімді жоғары сынып оқушыларына пайдалы ақпараттарын беріп, мамандық ретінді тиімділігін көрсетіп өтті.
Арнайы мамандармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты шара болды.