
#Repost@nursultan.nurlan.n
・・・
Байланыс және интернет тек аудан және ауылдық елді мекендерінде ғана емес, облыс орталығы - Орал қаласында да өзекті мәселе. Өткен жылы радиожиілік қызметінің мамандары Орал қаласының байланыс және интернетпен қамтылуын толықтай зерделеп, нашар ұстайтын аумақтарын белгілеп берген болатын. Бұл ақпарат толығымен ұялы байланыс операторларына пысықтау және жұмыстану үшін берілді.
Өткен аптада осы жұмыстарды үйлестіру және бекіту үшін Орал қаласының әкімдігімен кеңес өткіздік. Іс-шараға байланыс операторлары мен өңіраралық байланыс инспекциясы, сондай-ақ Орал әкімдігінің өкілдері, Зачаганск, Круглоозерный, Деркул және Желаев кенттерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
1. Антенна-діңгек құрылыстарын салу: қалада ұялы байланысты жақсарту үшін жаңа бағаналарды орналастыру жоспарлары мен мерзімдері талқыланды.
2. Әкімдіктермен тығыз қарым-қатынасты орнату және жұмысты үйлестіру: құрылысты тиімді жүзеге асыру үшін іс-әрекеттерді қалалық органдармен үйлестіру маңызды, әсіресе жер және архитектура мәселелері бойынша.
3. Байланыс сапасының мәселелері: радиофобия және қаланың кейбір аудандарында жердің болмауы сияқты негізгі мәселелер анықталды.
Жалпы, барлық тараптардың бірлесіп жұмыстануы абоненттерге қызмет көрсетуді және сапаны жақсартуға өз үлесін тигізетініне сенімдіміз.