
Казталов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Басқарма маманымен бірге Казталов ауданы әкімі аппараты маманы және жергілікті қоғамдық кеңесінің мүшесі қатысты. Қабылдау барысында жер қатынастары саласы және құжаттандыру бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, түсініктеме берілді.
Казталов ауданы жергілікті қоғамдық кеңесімен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылау жүргізді. Қоғамдық бақылау Казталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Еңбек мобильділігі орталығы» филиалының Казталов ауданы мансап орталығы және Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің ғимараттарының қолжетімділігі, қызмет алушыларға қызметтерді көрсету сапасы тексерілді.