БҚО - ДА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫН ҚАЙТА ЖАСАСУ ҮШІН QR.GOV.KZ ПОРТАЛЫ АШЫЛДЫ.

БҚО - ДА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫН ҚАЙТА ЖАСАСУ  ҮШІН QR.GOV.KZ  ПОРТАЛЫ АШЫЛДЫ.

#Repost @rsk.zko
・・・
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерғали Қуанышпекұлы мәлім етті.

Спикердің мәлімдеуінше, енді Орал қаласының тұрғындары әрбір коммуналдық ұйымға жеке бармай-ақ портал арқылы «ЖайықЖылуҚуат», «ОралТазаСервис», «КазТранГазАймақ», «БатысСуАрнасы» және «БатысЭнергоРесурсы» мекемелермен онлайн-шарттарды жасау мүмкіндігі бар.

«Қызмет ыңғайлы және интуитивті, өтініш беруші міндетті құжаттардың тізімін, сондай-ақ қызметті алу мерзімін бірден көреді. Қызмет нәтижесі өтініш берушінің нөміріне SMS арқылы түседі. Сонымен қатар, iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қосымша кеңес алуға болады»,- деді Е.Ержанов.

Сондай-ақ, спикер облыс орталығы азаматтарының белгілі бір бөлігі өтінімдерді онлайн жіберуге мүмкіндігі болмағандықтан, коммуналдық кәсіпорындардың абоненттік бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылып, бұдан басқа, болашақта осы жүйені дамыту және коммуналдық қызметтердің жаңа қызметтерін қосу жоспарланып жатқанын жеткізді.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі