
Бүгін БҚО әкімі аппаратының басшысы Н.С. Ораздың төрағалығымен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін автоматтандыру бойынша кеңес өтті. Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан qr.gov.kz порталын енгізу барысы туралы баяндады.
Енді облыс орталығының тұрғындарына қызмет көрсету шарттарын жасасу үшін әрбір коммуналдық мекемеге жекелей барудың қажеті жоқ.
Қызмет ыңғайлы және интуитивті, өтініш беруші міндетті құжаттардың тізімін, сондай-ақ қызметті алу мерзімін бірден көреді. Қызмет нәтижесі өтініш берушінің нөміріне SMS арқылы түседі. Сонымен қатар, iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қосымша кеңес алуға болады.
Порталдың ресми іске қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасына жоспарланған.