
«Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде 2023 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен Ақсай қаласында қозғалыс жылдамдығын белгілейтін және қозғалыс ағынын бақылайтын 15 стационарлық автоматты жүйені, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 210 бейнебақылау камерасын сатып алуға және орнатуға қаржы бөлінді.
Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласына жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 23 қарашасынан бастап жаңадан орнатылған 15 стационарлық ("Призма") автоматты жылдамдықты реттеу жүйесі қалыпты жұмыс істей бастады.
Бұл жүйелер тәулік бойы жылдамдықты шектеуді бұзуды екі бағытта да тіркейді. Жылдамдықты бұзған барлық көліктер тіркелген елге қарамастан есепке алынады.
Құрметті Ақсай қаласының тұрғындары мен қонақтары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережесінің талаптарын бұзбауға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырамыз.