Қазақтелеком жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында 37 «радиокөпір» және Орал қаласында 5G базалық станцияларын салады

Қазақтелеком жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында 37 «радиокөпір» және Орал қаласында 5G базалық станцияларын салады

Қазақтелеком жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында 37 «радиокөпір» және Орал қаласында 5G базалық станцияларын салады

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесті. Кеңес барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев компанияның өңірдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі маңызды бастамалары туралы айтты. Негізгі іс-шараларға ағымдағы жылдың соңына дейін облыстың 37 шалғай ауылында «радиокөпір» технологиясы бойынша интернетті енгізу және Орал қаласындағы 5G базалық станцияларының санын 15-ке дейін арттыру кіреді.
Қазіргі уақытта, «Қазақтелеком» аймақтағы мемлекеттік мекемелердің 57 пайызын, оның ішінде 127 әкімдік, 235 мектеп және 166 медициналық мекемелерді байланыспен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, компания өз қаражаты есебінен 2025 жылға дейін 65 мектепті қамтитын оптикалық инфрақұрылым құрылысын салуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Компания 4000-ға жуық үйді қамту үшін Зачаганск және Деркул шағын аудандарында жұмыс жүргізе отырып, жеке секторға оптикалық кабельдерді белсенді түрде енгізуде.
Компанияда атап өткендей, жеке секторды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жалғасады және келесі жылға Орал қаласындағы жеке сектордың 3850 үйіне оптикалық интернет салуға қаражат бөлінді.
Компанияның Ақсай қаласының қалалық телекоммуникация желілерін GPON технологияларына көшіру жоспары маңызды жаңалық болып табылады. Бұл 2200-ге жуық отбасы мен 100-ге жуық бизнес нысандарын гигабиттік интернетке қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, «Қазақтелеком» жақынарада Ақсай моноқаласын Smart-city-ге айналдыру үшін инфрақұрылымды құруға қомақты үлес қосады.
«Мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарға дейін оптикалық интернет жүргізілген ауылдық елдімекендерде біз «Қазақтелекомның» желілік инфрақұрылымының көмегімен тұрғындарды жақсы интернетпен қамтамасыз етуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Халқы 250-ден аз ауылдарға келетін болсақ, біз тұрғындары аз ауылдарға желі құрылысын салу экономикалық тұрғыдан тиімді емес екенін түсінеміз. Дегенмен, бұл аймақ үшін әлеуметтік маңызға ие, сондықтан біз осы бағытта ынтымақтасуға дайынбыз». - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аймақтық биліктің осы әлеуметтік маңызды міндетті шешуге көмектесуге дайын екендігін білдірді.