
10 қарашада БҚО IT-Hub алаңында «Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Серікұлы Ораз IT-сала өкілдерін, байланыс операторлары мен мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ақпараттық технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада ІТ-ұйымдар мен байланыс операторлары арасында өткен киберспорт ойындары турнирінің жеңімпаздарына марапаттар табысталды.
Сондай-ақ, ІТ-Aiel бағдарламасының қатысушысы Нина Александровна Сударушкина марапатталды. Ағымдағы жылдың 1 тамыз және 23 қазан аралығында Astana Hub халықаралық технопаркі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық компаниямен бірлесіп ІТ-Аiel бағдарламасы бойынша оқыту жүргізді. Бұл бағдарламаның мақсаты еліміздің 17 өңірінен 2000-нан астам әйелге IT-дағдыларды үйрету болды.