🌐 «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі inDrive – Beginit by inDrive Халықаралық IT – компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойғаны туралы хабарлайды.

🌐 «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі inDrive – Beginit by inDrive Халықаралық IT – компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойғаны туралы хабарлайды.

🌐 «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі inDrive – Beginit by inDrive Халықаралық IT – компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойғаны туралы хабарлайды. Бұл ынтымақтастық таланттарды қолдауға, инфрақұрылымды, стартап-экожүйені дамытуға және өңір жастарының біліктілігін арттыруға бағытталған.

🚀 2023 жылы 23 қазанда жастарға арналған Beginit әлеуметтік-білім беру бағдарламасы басталды. Бұл бағдарламаға 10-сынып оқушылары көшбасшылық, зерттеулер мен әлеуметтік жобаларды құру бойынша оқудан өте алады. Сондай-ақ Алматы тау бөктеріндегі оқу лагеріндегі буткемпте бизнес көшбасшыларымен кездесетін болады. Финалистер бағалы сыйлықтар мен жаңа inVision U инновациялық университетіне толық гранттар иеленетін болады.

🔍 Іріктеу 6 қарашадан 30 қарашаға дейін Қазақстанның 6 облысында өтеді. Батыс Қазақстан облысында іріктеу туры 2023 жылдың 13 қараша күні Орал қаласы, Оқушылар сарайы, 5-шағын аудан, 18 мекен-жайда өтетін болады. Қосымша ақпарат және тіркелу бойынша https://beginit.indrive.com/ сайттынан анықтай аласыз.

📢 Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 10-сынып оқушыларын осы бірегей мүмкіндікке қатысуға шақырамыз. Аймақта жас көшбасшылар мен инновацияларды дамыту жолында бізбен бірге болыңыз!