
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Н.Нұрлан төрағалығымен Батыс Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша уәкілетті органдардың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары А.Халелов, Орал қаласы маслихат депутаты М.Дудниченко, БҚО IT қауымдастығының төрағасы И.Мельников қатысып, есірткіні дайындау және тарату жауапкершілігіне қатысты шаралар қызметтерін ұйымдастыру және интернет желісінде синтетикалық есірткілерді сатумен айналысатындардың белсенділігін қадағалау мәселелері пысықталды. Сонымен бірге, Цифрлық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы есірткінің таралуына қарсы кешенді іс-шаралар жүргізуге ұсыныс енгізілді.