Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан мәлімдеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан мәлімдеді.

Repost from @rsk.zko

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан мәлімдеді.

Спикердің мәлімдемесіне сүйенсек, ағымдағы жылы ұялы байланыс операторлары облыс бойынша 87 ауылдық елді-мекендерге мобильді байланыс және интернетпен қамту, базалық станцияларды жаңарту және сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізуде. Жыл соңына дейін 27 ауылдық жерлерде мобильді байланыс сапасы жақсартылатын болады.

«Ұялы байланыс операторы «Кар-Тел» (Билайн) ЖШС облыстың 41 ауылдық елді-мекендеріне жаңа базалық станция, LTE (4G) стандарты бойынша мобильді байланыстың сапасын жақсарту жұмыстарын жоспарлап, 25 ауылдық елді-мекенді сапалы интернетпен қамтыды. Енді, жыл соңына дейін 16 ауылға жаңа базалық станция орнату жоспарлануда»,- деді басқарма басшысы Н.Нұрлан.

Сондай-ақ спикер, «Кселл» АҚ операторы 46 ауылдық елді-мекендерді байланыс және мобильді интернетпен қамту және сапасын жақсарту жұмыстарын жоспарлап отырғанын, оның ішінде, 35 ауылға сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін 11 ауылды қамту жоспарда бар екенін жеткізді.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі