Өздеріңізге белгілі, цифрландырудың ұлттық жобаларын іске асыру мақсатында уәкілетті органдар тиімділікті және оны барлық мемлекеттік органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізеді

Өздеріңізге белгілі, цифрландырудың ұлттық жобаларын іске асыру мақсатында уәкілетті органдар тиімділікті және оны барлық мемлекеттік органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізеді

Өздеріңізге белгілі, цифрландырудың ұлттық жобаларын іске асыру мақсатында уәкілетті органдар тиімділікті және оны барлық мемлекеттік органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізеді.
Цифрландыру және жобаларды басқару жобаларын жүзеге асыру мен қолдауда тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыру мақсатында Цифрлық технологиялар басқармасы «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құрды.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты – аймақтық мобильді қосымшаны толтыру және жаңғырту бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен тұрғындардың кері байланысын есепке алу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ауқымды пайдалануға ықпал ету. «Smart City» тұжырымдамасының шеңберінде «электрондық үкімет» шлюзінің ішкі жүйесі ретінде өңірлік шлюздің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, «бір терезе» қағидаты бойынша табиғи монополиялар субъектілері көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға жәрдемдесу электронды түрде.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері аяқталу сатысында. Айта кету керек, кадрларды іріктеу «Ғылым мен инновацияны цифрландыру арқылы технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Жарияланған бос орындарға үміткерлердің өтініштері бойынша ерекше белсенділік байқалды. Байқау қорытындысы бойынша жас, креативті IT мамандарына басымдық берілді.
Бүгін, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, 2023 жылғы 28 тамызда ҚММ толық құрамы өз жұмысын бастады. Алға қойған мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге жетуіңізге сәттілік тілейміз!