
2023 жылғы 17-18 тамызда Астана қаласы Astana IT University аумағында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету мәселелеріне арналған семинар мен воркшоптар өткізілді.
Аталған іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың 300-ге жуық мемлекеттік қызметшілері қамтылды, Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасынан цифрландыру бөлімінің басшысы Рашитов Р.Н. қатысты.
Семинардың мақсаты - мемлекеттік қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыру және мемлекеттік ақпарат пен ақпараттық жүйелерді қауіптер мен кибершабуылдардан қорғау үшін қажетті дағдыларды дамыту болып келеді.