2023 жылғы 3 тамызда БҚО цифрлық технологиялар басқармасы аудандық әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ Телекомуникация комитетімен (ҚР ЦДИАӨМ КТ) онлайн кеңес өткізді.

2023 жылғы 3 тамызда БҚО цифрлық технологиялар басқармасы аудандық әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ Телекомуникация комитетімен (ҚР ЦДИАӨМ КТ) онлайн кеңес өткізді.

2023 жылғы 3 тамызда БҚО цифрлық технологиялар басқармасы аудандық әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ Телекомуникация комитетімен (ҚР ЦДИАӨМ КТ) онлайн кеңес өткізді. Министр Б. Б. Мусиннің өңірге сапар барысында берілген тапсырмалары аясында байланыс және интернет сапасы мәселелері бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалды, аудандық әкімдіктер ауылдарда байланыс пен интернеттің сапасына қатысты мәселелерін көтерді, «Қазақтелеком» АҚ Орал қаласында тірек бағаналары мен оптикалық байланыс желілерін ауыстыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, Билайн, Кселл және Теле2 байланыс операторлары әкімдік өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, даму жоспарларымен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар Е-Отиниш платформасы арқылы ҚР ЦДИАӨМ ТК-не сигналдың және байланыс қамтуының сапасына шағымдана алады (өтінішке нақты мекенжай, тексеру уақыты, оператор және speedtest.net сайтынан скриншот қоса берілуі тиіс)