
#Repost @nursultan.nurlan.n
2023 жылғы 12 шілдеде Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин келді. Сапар барысында министр "Стекло-Сервис" жұмысымен, Jaiq-Hub алаңымен танысты, Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, азаматтарды жеке қабылдады, сондай-ақ облыс әкімінің қатысуымен облыс әкімдігінде өткен кеңеске қатысты.
Министр Б. Мусиннің алғашқы барған нысаны «Стекло-Сервис» компаниясы болды. Онда шыныны өнеркәсіптік өңдеу, екі қабатты терезелерді өөндіру үүрдістеріқолға алынған. Компанияда жұмыс процесі заманауи жабдықтармен толығымен автоматтандырылған, бұл өндіріс процесін жеңілдетеді әрі сапалы өнім шығуына септігін тигізеді. Өндірісті Индустрия 4.0 концепциясының өңірдегі жарқын мысалы ретінде қарастыруға болады.
Екінші нысан Jaiq-Hub алаңы. Аталған алаңды ашудың мақсаты оқыту және инкубациялау арқылы IT-стартаптарды ілгерілету, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ IT-тақырып бойынша жастар арасында таланттарды анықтау. Аталған алаңда өз IT жобаларымен «E-SEP облысты сумен жабдықтауды цифрландыру» тақырыбында өңірдің IT қауымдастығының төрағасы Иван Мельников, «GPS-трекерлер өндірісі, халықаралық нарыққа шығу» тақырыбында Сергей Ищенко, «Өңірдегі шетелдік компаниялардың релокациясы, Netcracker Technology Kazakhstan кейсі» тақырыбында Татьяна Горбачева, «Агроөнеркәсіптегі стартап» тақырыбында Майдан Найман, сөз сөйледі.
Jaiq-Hub алаңының ресми ашылуынан кейін министр Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда халықпен кездесу өткізді, онда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ тұрғындардың қызықтырған сұрақтарына, атап айтқанда байланыс және интернет сапасы мәселелеріне жауап берді.
Министрдің келесі барған нысаны облыстық әкімдік ғимараты болды, онда ол халықтың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Сондай-ақ облыс әкімдігінде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевпен кеңес өткізілді. Кеңес барысында цифрландыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ облыс әкімдігі цифрландыру министрлігі мен байланыс операторлары арасында облысты интернетпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойылды