
Қаратөбе ауданының цифрлық музейімен танысу.
Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы Қаратөбе ауданындағы іс-сапар кезінде «Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейімен» танысты.
Аталған музейдің іргетасы мәңгілік тәуелсіз елді мұрат тұтқан Алаш арыстарының съезі өткен киелі жерде қаланған. Алаш мұрасын насихаттайтын,
Қаратөбе өңірінің тарихын түгендеп, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырған Қайыржан Хасановтың еңбектерін жинақтаған тарихи орында заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған. Музей қонақтары Алаш және Қайыржан Хасановтың құнды мұраларын ақпараттық технологиялар арқылы таныса алады. Мультимедиялық зал арқылы қонақтар тарихи-мәдени мұралардың 3D понорамалар арқылы көріп, виртуалды Алаш съезіне қатыса алады. Сондай-ақ, Қаратөбе тарихи өлкесін интерактивті планшеттер арқылы цифрландырудың игілін көруге жағдай жасалған.