
Қаратөбе ауданына іс-сапар.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының облыстық басқармалар басшыларының аудандарға шығып, жергілікті мәселелер туралы толық хабардар болу және тиісті шараларды қабылдау тапсырмасын орындау аясында Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы Қаратөбе ауданында қоғамдық кеңес және аудан депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Басқарманың жұмыс легімен таныстырып, елдегі өзекті болып келетін цифрлық трансформация, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, байланыс және интернет мәселесі бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, Жусандыой ауылындағы байланыс сапасы бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, интернет сапасына қатысты мәселелермен танысып, жергілікті тұрғындар сұрақтарына жауап берді.