
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және технологияларын коммерцияландыру.
Бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.
Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.
Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылы 10 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Толық ақпаратты www.fpip.kz сайтынан ала аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.