Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде өңірдегі цифрландыру жұмыстары көтеріліп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсұлтан баяндама жасады.
Басқарма басшысы өз баяндамасында телекоммуникация, цифрлық трансформация және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы айтып өтті.
Соның ішінде, ақылды қалалардың рейтингісі, облыстың даму жоспарының көрсеткіші, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, жер қатынастары салалары бойынша цифрландыру, ондағы проблемалық мәселелер, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері, интернетпен қамту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мәселелерді көтерілді.
Жиын соныңда облыс әкімі облыстық басқармалар мен мүдделі мемлекеттік ұйым басшыларына цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша тапсырмалар беріп қорытындылады.