
#Repost @astana.hub
🚀 Орал қаласындағы IT community үшін керемет жаңалық!
⠀
⚡️ Astana Hub технопаркінің Орал қаласындағы өкілдігі — аймақтық "Jaiq Hub" IT Hub ашық деп жарияланады.
⠀
Сізде стартап идеяңыз бар, бірақ неден бастарыңызды білмейсіз бе? Әлде сізде өнім бар, бірақ сатуды қалай бастау керектігін білмейсіз бе?
⠀
🪄 Jaiq Hub сіздің жобаңызды әзірлеуге көмектеседі! Хабта идея және өнім жасау сатысындағы стартаптар үшін инкубациялық бағдарламалар бар, сондай-ақ Astana Hub технопаркінің барлық білім беру және бизнес бағдарламалары таратылады.
⠀
Олар бұған дейін екі митап пен бірнеше мастер-кластар өткізген. Сонымен қатар, жақын арада «Google Developer Groups бағдарламалары» тақырыбында іс-шара өткізіледі. Іс-шарада Mercury Development компаниясының аға-инженер бағдарламашы Анатолий Горьков әртүрлі Google бағдарламалары туралы әңгімелейді.
⠀
❗️Барлық жаңартулар мен жаңалықтар үшін Jaiq Hub әлеуметтік желілерін қадағалаңыз.