
🔰Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүргізуге жауапты мамандарына семинар-кеңес өткізілді.
🔰Семинар барысында жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі жұмысының 2023 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары талқыланып, ішкі бақылау кезінде жіберілетін кемшіліктер мен оларды болдырмаудың жолдары нақтыланды.
🔰Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты мамандары тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.