
#Repost @zko.apa.kz
♦️15 ақпан күні «Б» корпусының әкімшілік басшылық лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушыларының көшпелі сабағы өтті.
📌Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамыту мақсатында БҚО IT-Hub коворкинг аймағында цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру бөлімінің басшысы Р.Н. Рашитов "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" Ұлттық жобасы шеңберінде «Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы"тақырыбында семинар өткізді.
Семинар бағдарламасы аясында оқыту төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізілді:
✅Цифрландыру саласындағы НҚА ұғымдары мен негіздері;
✅Цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру;
✅Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.