
24.01.2023 жылы Оқушылар сарайында басқарма басшысы БҚО әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырыс барысында басқарма басшысы «өңірдегі әйелдердің IT-компаниялар тәжірибесіне қатысуы туралы» баяндама жасады. Мысалы, облыс бойынша 50-ден астам IT-компания бар және 10 IT-компания кіретін IT-қауымдастығы бар, олардың ішінде қызметкерлердің 15% әйелдер. Статистикалық деректерге сәйкес, 16-74 жас аралығындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушы әйелдердің үлесі 90,1% құрайды. Біздің аймақтың әйелдері Интернет пен ақпараттық технологиялар, оларға мансапты тезірек құруға, лайықты жалақы алуға, сүйікті кәсібін бизнеске айналдыруға және өмірді жақсартуға мүмкіндік беретінін анық біледі.