"КАЗАҚТЕЛЕКОМДЫҚ" GPON: БҚО ІРГЕСІНДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ СЫНАП КӨРДІ

"КАЗАҚТЕЛЕКОМДЫҚ" GPON: БҚО ІРГЕСІНДЕГІ  ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ СЫНАП КӨРДІ

#Repost @telecomkz
・・・
Батыс Қазақстан облысы Зачаганск қала үлгісіндегі елді мекеніндегі «Бірлік» тұрғын үй кешенінің тұрғындары талшықты-оптикалық магистральға тікелей қосылды. Абоненттер қызметтің барлық спектрін бірдей алды: интернет, 160 арнасы бар сандық телевидение және IP телефония. Мұндай сан алуан қызметке қосылу мүмкіндігін тұрғындарға GPON технологиясы ашып берді.

Қазірдің өзінде компаниядан 200-ден астам отбасы «оптиканы» таңдады, және жүйрік интернетке қосылуға ниеттілер қатары әлі де өсуде. Бұрын мұнда тек 10 Мбит/с-қа дейінгі 4G сымсыз интернет қолжетімді болса, қазіргі таңда жаңа технологияны пайдалана отырып, интернет жылдамдығы 500 Мбит/с-қа дейін өскен болатын.