
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері Қ.К. Тоқаев пен В.В. Путиннің қатысуымен Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Қазақстан мен Ресейдің XVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізілді.
Форумда сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ трансшекаралық ынтымақтастықты қалыптастырудағы өңірлердің рөлі мәселелері талқыланды.
Форум аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Волгоград облысының әкімшілігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Сондай-ақ, "Ақылды қалалар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру" №3 панельдік сессияға БҚО IT-қауымдастығының төрағасы Мельников Иван Викторович қатысты, онда өз кезегінде Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан Цифрлық жобалар туралы бөлісті.