
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАРЫ
Құрметті батысқазақстандықтар!
🟢 Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында облыс тұрғындары және қонақтарынан туған өлкемізді көркейту және дамыту үшін тың ұсыныстар мен идеялар ұсыну бойынша облыс әкімі Ғали Есқалиев жарияланым жасаған болатын. Бұл жобаларды іске асыру үшін 2023 жылдың бюджетінде 500 млн.теңге сомасын қарастыру жоспарланып отыр.
🟡 Осыған байланысты, 2 айдан астам уақыт ішінде облыс тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныстар келіп түскен болатын.
Жалпы келіп түскен ұсыныстардың басым бағыттары:
- абаттандыру және көгалдандыру, жарықтандыру және тынымбақтар, спорттық алаңдар құрылыс бойынша;
- автомобиль жолдарын жөндеу;
- мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ортаны туғызу (арнайы спорт алаңдарын салу);
- көше бойында туалеттер орнату;
- қоқыстарды қайта өңдеу, қоқыстарды бөле отырып арнайы контейнерлер орнату және т.б.
☀️ Келіп түскен ұсыныстар қаралып, нәтижесінде келесі 5 жоба таңдап алынды.
Олар:
1️⃣ Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарымен кіреберіс жолдарына «Қазақстан Республикасы» және көршілес Атырау және Ақтөбе облыстары бағытындағы автожолдар бойында «Батыс Қазақстан облысы» бірыңғай логотипті құрылымды орнату. Бір құрылымның (барлығы - 7) болжамды құны: 100 млн. теңге*.
2️⃣ Орал қаласының туристік нысандар, саябақ, парктерде және қала көшелері бойында заманауи дәретханаларды сатып алу және орнату. Инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігін ескере отырып Орал қаласының 20-25 қоғамдық орындарында орналастыру ұсынылады. Бір нысанның болжамды құны 15 млн. теңге.
3️⃣ Эко-және этнотуризмді дамыту. Туристтік жолдың 1 шақырымының құны – 25,6 млн.теңге*. Экотуризмді дамыту мақсатында ұсынылады:
1) Тоғайлы белес аумағында балалар және жастар үшін шағын фестивальдар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында орындықтары бар жазғы сахна және жаяу жүру жолын ұйымдастыру;
2) Желтау (Свистун гора) аумағында тұрғындар, қонақтар және туристтер үшін шолу мұнарасын (аймағын) ұйымдастыру;
3) Демалыс және фотоға түсу аймағын ұйымдастыру мақсатында жағалауда шаңырағы бар және беседкалары бар «Қыз Жібек» монументін орнату. 4️⃣ Орал қаласы мен облыс аудандарының аумағына кіретін/шығатын жолдар бойында декоративті шағылыстыратын элементтері бар танымдық ақпаратты құрылымды орнату. Бір құрылымның жоспарлы құны: 10 млн.теңге*. Құрылым ауданның эмблема мен логотип, көрнекі жерлері мен шағын ақпаратты қамтитын болады.
5️⃣ «Жетпіс палуан» аңызына негізделген комикс жанрындағы кітаптар шығару. Бұл жоба аясында 4 кітап шығару ұсынылады. Отбасы институтын нығайту, Қазақстан тарихын жалпы білу және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында, батырлардың, күйші және еліміздің танымал тұлғаларының өмірі туралы комикс жанрындағы кітаптар шығаруды жалғастыруға болады. Бір кітаптың (1000 дана) жоспарлы құны: 2,5 млн. теңге.
⭐️ Осы жобаларды таңдау бойынша дауыс беру бүгін ашылады. Ал оның қорытындысы бойынша 2023 жылы жүзеге асыруға ұсынылатын жобалар анықталады.
✅ Дауыс беру алгоритмі:
1. App Store немесе Play Market-тен «Smart07» қосымшасын жүктейсіз.
2. «Белсенді тұрғын» парақшасына өтесіз.
3. «Сауалнамалар және дауыс беру» батырмасын басасыз.
4. 2023 жылға арналған жобаларға дауыс бересіз.
❗️ Әр тұрғын 3 жобаға дауыс бере алады.
🖊️ Дауыс беру кезеңі біткеннен кейін сараптамалық кеңестер бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың тізбесін қарайды.
Осы тізімге сәйкес жобалардың нақты сметалары есептеледі.
🙋♂️ Барлық өңір тұрғындарын облысымыздың дамуына, оны көркейтуге белсенді түрде атсалысуға шақырамыз!