БҚО АУЫЛДАРЫНДА LTE(4G) ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

БҚО АУЫЛДАРЫНДА LTE(4G) ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, тағы да жақсы жаңалық!
«Кар-Тел» ЖШС (Билайн) ұялы байланыс операторы Бәйтерек ауданы Қайнар (Новенький) ауылын сапалы байланыс және мобильді Интернетпен қамтыды.
Сондай-ақ, «Кселл» АҚ (Кселл/Актив) байланыс операторы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы, Бисен, Ұялы, Саралжын, Жарменке, Жиекқұм ауылдары, Қаратөбе ауданы Ұшағаш ауылы, Сырым ауданы Алғабас аулында, Жаңақала ауданы Көпжасар аулы және Теректі ауданы Ақжайық ауылына 4G стандарты бойынша мобильді Интернеттің сапасын жақсарту жұмысын жүргізді.
Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.