Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2022 жылдың 16-17 қарашасында өңірімізде «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы С.Ж.Аханов болып, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде «Өңірлерде бизнес-инкубациялауды ендіру» бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан ІТ стартаптардың жұмыстарымен танысты

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2022 жылдың 16-17 қарашасында өңірімізде «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы С.Ж.Аханов болып, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде «Өңірлерде бизнес-инкубациялауды ендіру» бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан ІТ стартаптардың жұмыстарымен танысты.
IT HUT БҚО алаңында 2022 жылдың 16 қарашасында Басқарма төрағасы С.Ж.Аханов Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Н.Нұрланмен, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Мақсотовпен, БҚО ІТ Ассоциациясының төрағасы П.Лежниковпен, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.Беккалиевамен, IT HUT БҚО директоры Р.Айтмағамбетовпен, ІТ компаниялар өкілдерімен және ІТ стартап жобаларын жүзеге асырушылармен кездесіп, ІТ жобаларды қалай жүзеге асыру бойынша ойларымен бөлісті, сондай-ақ ІТ саласындағы мемлекеттік қолдаулар жөнінде кеңінен ақпараттар берді. ІТ стартапшылар өздерінің жобаларын көрсетіп, Басқарма төрағасына қойған сауалдарына кәсіби деңгейде жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.
Осындай кездесулер Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде, «Стекло-Сервис» ЖШС-де өткізіліп, онда ІТ саласының адами капиталын қалыптастырудағы жұмыстармен, сондай-ақ өндіріске енгізіліп жатқан инновациялық жобалармен танысып, ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, адамның рухани дүниесіне қажетті мәліметтерді цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан ІТ жобалармен танысып, өз ризашылығын білдірді.