
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап облыстық IT-қауымдастықтың қолдауымен БҚО IT HUB базасында Astana Hub гранттары есебінен 35 студентке оқыту курстары басталды. Курсты жергілікті IT-компаниялардың инженерлері жүргізеді. Курс барысында тыңдаушылар HTML, web-дизайн және web-бағдарламалау дағдыларына үйренеді. Толық оқу курсы 6 ай жалғасатын болады.