
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп «еgov mobile» мобильдік қосымшасында «цифрлық құжаттар» сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдік қосымша арқылы құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттардың 19 түрі іске асырылды.
Анықтама ретінде: Жеке куәлік, Жүргізуші куәлігі, Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, Некені бұзу туралы куәлік, Техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, Зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, Көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Әлеуметтік сақтандыру ID, вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектік куәлігі, Атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі, Тұруға ықтиярхат.
Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.