БҚО АУЫЛДАРДЫНДА (4G) LTE ICKE ҚОСЫЛДЫ

БҚО АУЫЛДАРДЫНДА (4G) LTE ICKE ҚОСЫЛДЫ

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, тағы да жақсы жаңалық!
«Кар-Тел» ЖШС (Билайн) ұялы байланыс операторы жоспарға сәйкес облысымыздың 3 ауылын сапалы байланыс және мобильді Интернетпен қамтыды (Теректі ауданы Барбастау ауылы, Казталов ауданы Жаңажол, Жалпақтал ауылдары) және 7 ауылға LTE (4G) стандарты бойынша ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізді (Жаңақала ауданының Бірлік, Пятимар, Мәштексай, Жаңақазан ауылдары, Сырым ауданы Бұлдырты, Қоғыр ауылдары және Ақжайық ауданы Ақсуат ауылы)
Сондай-ақ, «Кселл» АҚ (Кселл/Актив) байланыс операторы Қаратөбе ауданы Ақтай, Соналы, Қарақамыс ауылдары және Теректі ауданы Ұзынкөл ауылына 4G стандарты бойынша мобильді Интернеттің сапасын жақсарту жұмысын жүргізді.
Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.