
Қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың қара сөздері - 45 қысқаша астарлы әңгімелер мен философиялық трактаттардан тұратын іргелі туындысы. Бұл прозалық поэмада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, адамгершілік пен құқық, қазақтардың тарихи мәселелері көтеріледі.
"Бегство Земли " - 1960 жылы жарық көрген француз жазушысы Франсис Карсактың ғылыми-фантастикалық романы. Бұл романда күнін жарылу себебінен адамзат жақын арада жаңа мұз дәуірі мен ұзақ құлдырау дәуірін бастан өткеріп, жаңа технологиялар есебінен жерді басқа күн жүйесіне көшіру жөнінде жазылған. Жалпы айтқанда аталған кітаптан табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және жер бетіндегі тіршілік иелерін қорғау мәселелері әлем тұрғысында маңызды екенін түсінуге болады.
Әзілхан Нұршайықовтың қай шығармасын алсақта әділдікке,еңбекшілдікке тәрбиелейді. Оның әрбір туындысы өмірден алынған,ащы шындық. Туындыларының ішінде жаныма жақыны “Махаббат қызық мол жылдар” романы.
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар,-деген Абай атамыздың өлең жолдарымен бастау алған бұл шығарманы бір емес,бірнеше мәрте қайталап оқып шықтым. Шығарма сүйіспеншілікке толы.Ербол есімді жауынгер мен Меңтай есімді арудың бір-біріне деген ыстық махаббаты, шығарманы оқып отырған мені өзіне баурап алды.Романды оқи отырып жүрегіме,жаныма халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіре білдім. Бір өкініштісі,Ербол мен Меңтай,Төлеген мен Жібек, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баян, Қалқаман мен Мамыр, Ахмет мен Жамал секілді өмірлерінің соңына дейін бірге бола алмады.Ербол Меңтайды шын сүйді,дегенмен махаббат ажалды жеңуге қауқарсыз.Ол өз сүйгенін,жаңа туған сәбиімен бірге жер қойнауына тапсырды.Шығарманың осы тұсында көзіме еріксіз жас келген еді.
“Махаббат қызық мол жылдар” романы нағыз махаббаттың сырын,мәнін ұғуға,адал махаббаты ардақтап,ыстық суығына күйе білуге үйрететін аса құнды шығарма.
#ЧитащийГосслужащийЗКО
#КітапқұмарМемқызметшіБҚО