Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Аталған Форумның шеңберінде «Сандық кеңейту – Батысқа инвестиция салу!» панельдік сессиясы өткізілді. 
Панельдік сессия цифрлық технологияларды енгізу сұрақтарына арналды. Батыс Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап құрамына облысымыздың алдыңғы қатарлы 12 компаниясы кіретін өңірлік ІТ қауымдастығы қызмет атқарады. Қауымдастық жанынан өңірлік IT-HUB ұйымдастырылды. Аталған мекеменің мақсаты мемлекетпен, сондай-ақ бизнеспен цифрландыру жобаларын іске асыру болып табылады. Мысалы,  IT-Hub жанында ТҮКШ сұрақтары бойынша қалалық Call-орталық жобасы іске асырылған. Пленарлық сессияда ІТ қауымдастықтың төрағасы Иван Мельников және БҚО әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан ІТ қоғамдастығы үшін Smart City саласындағы жетістіктер мен міндеттер туралы айтып берді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып іске асырылып жатқан бірқатар жобалар назарға ұсынылды. 
WestKazInvest-2022 форумының негізгі тақырыбы инвестициялар тарту және көршілес мемлекеттердің кәсіпорындарына жағдай тудыру болып табылады. ІТ саласында бұл бағыттағы жұмысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Astana HUB жүргізуде. Форумда Astana HUB өкілі Марья Жунусова айтып өткендей, ұйымның резиденттері үшін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер қарастырылған, мысалы, ұжымдық табыс салығынан, қосымша құн салығынан, жеке табыс салығынан босату және тағы басқа артықшылықтар. 
Панельдік сессияның бас серіктесі -  Қазақтелеком компаниясы да бірқатар жобаларын ұсынды, соның ішінде ең бастысы – «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы. Аталған бағыт шеңберінде компания ауылдарда интернет қызметін ұсыну үшін кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаратын болады. Негізгі мақсаттары – қала мен ауыл арасындағы цифрлық айырмашылықты жою үшін ауылдардағы АКТ инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарды сапалы Интернетпен қамтамасыз ету, шағын байланыс операторлары мен ШОБ дамуына қолдау көрсету, жұмыс орындарын құру және, жалпы алғанда, АКТ енгізудің мультипликативті әсері есебінен шалғайдағы елді мекендерде жаңа салаларды дамыту.

Сонымен қатар Қазақтелеком өкілдері ақылды қаланы құру бойынша жаңа әдістер туралы, сәтті жүзеге асырылған Смарт Ақкөл жобасы туралы әңгімелеп, Смарт Ақсай жобасын дамытудағы өз көзқарастарымен бөлісті. 
Аталған спикерлерден бөлек панельдік сессияда ІТ секторы мен телекоммуникациялық сала өкілдері баяндама жасады - В.В. Пустовойтенко (Digital innovation and transformation), А.С.Айтимов (Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер универсиетінің президенті), С.Кибальников (Ломоносов атындағы ММУ профессоры), У.Курбанбаев («EDUS SMART»), Д.Шильдебаев («Smart Parking Technologies»),                              К.Д.Сырлыбаев («Транстелеком» АҚ). Панельдік сессияда спикерлер ІТ компаниялардың сәтті кейстерін талқылап, Ақылды қала концепциясы шеңберіндегі түрлі жобалар, білім беру саласын цифрландыруды дамыту мүмкіндіктері, тұрақтарды автоматтандыру, өңірде телекоммуникация саласын дамыту бойынша жобалар ұсынды. 
Жалпы, панельдік сессия сәтті өтті, спикерлер мен қатысушылар тәжірибе алмасып, ІТ және телекоммуникация салаларындағы өзекті сұрақтарды талқылады.