Батыс-Қазақстан облысында аналогты эфирлік телевизия ішінара өшіріледі

Батыс-Қазақстан облысында аналогты эфирлік телевизия ішінара өшіріледі

Батыс-Қазақстан облысында аналогты эфирлік телевизия ішінара өшіріледі

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ Батыс Қазақстан облысында аналогты телевизияны өшіре отырып, цифрлық эфирлік телевизияға (ЦЭТВ) көшу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда цифрлық эфирлік телевизияны қабылдау Қазақстан Республикасы халқының 92,43%-ы үшін қолжетімді және 2025 жылға қарай халықтың кемінде 98%-ы цифрлық эфирлік телевизияны көру мүмкіндігіне ие болады.