Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады

Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады

#Repost @bagdatmussin
Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады. Өтінімді https://astanahub.com/l/TechOrda сайты арқылы беруге болады.
Tech Orda бағдарламасы бойынша барлығы 600 мың теңгеге дейін 3 мың ваучер бөлінеді.
Өткен жылы біз осы бағдарламаны пилоттық жоба ретінде өткізіп, ол кезде біз 13 жекеменшік IT-мектепті қаржыландырдық, 100 студент білім алды.
Әр студентке ваучер 600 мың теңгені құрады.
Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз, бірақ ваучерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз.
IT-мамандарды даярлау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында: Президент 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-мамандарды даярлау міндетін қойған болатын. Олардың 20 мыңын біз Astana Hub Технопаркімен бірлесе отырып даярлайтын боламыз.
Жас, креативті, бәсекеге қабілетті IT-таланттарды тәрбиелеу-бұл уақыт талабы. Әлемде күннен-күнге жаһандық өзгерістер орын алуда, IТ және технологиялар саласында сапаға қойылатын талаптар өсуде. Сондықтан біздің еліміз үшін бұл өте маңызды.
Tech Orda бағдарламасы-бұл қазақстандықтар үшін сапалы IT-білімді тегін алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарлама болашақта көптеген сапалы IT-жобалар беретініне сенімдімін.
Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады. Жеке IT-мектептерді бағдарламаға қатысуға және белсенді өтінім беруге шақырамын!