
Ағымдағы жылдың 19 тамызы күні облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Н.Нұрлан басқарма атынан «Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөпірімдер спорт мектебі» МКҚК ұжымын келе жатқан «Спорт күні» кәсіби мерекесімен құттықтады. Спорттың тұрғындардың денсаулығын нығайтудағы маңызын айта отырып, болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына баулуда атқарып жүрген еңбектеріне табыстар тіледі.