ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР БЕРУ КОНКУРСЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР БЕРУ  КОНКУРСЫ

Достар, бүгін біз «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу Конкурсының басталғанын ресми түрде жариялаймыз.

Осы инновациялық грант қазіргі заманғы АКТ шешімдерін енгізу арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды цифрландыруға және Индустрия 4.0-ге көшіруге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 15 тамызда басталады және 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін ZOOM платформасында барлық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі qazinn.kz сайтында, сондай-ақ taplink арқылы қолжетімді.

Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін +7 775 623 14 22 (WhatsApp/Telegram), сондай-ақ +7-7172-79-25-81 (ішкі 581) және +7-7172-79-25-80 (ішкі 580) телефондары арқылы консультация ала аласыз.

Сіз әрқашан біздің telegram-чатымызда нақтылайтын сұрақтар қоя алатыныңызды еске саламыз (сілтеме: taplink-те).

Барлық толық ақпарат біздің qazinn.kz сайтында орналасқан.