ІІМ SMS арқылы қазақстандықтарды алаяқтық әрекеттер туралы ескертуде

ІІМ SMS арқылы қазақстандықтарды алаяқтық әрекеттер туралы ескертуде

📢ІІМ SMS арқылы қазақстандықтарды алаяқтық әрекеттер туралы ескертуде

📌 SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.

✅Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

☝️ІІМ сақтық шараларын еске салады:

🔹 ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

🔹өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

🔹 белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

🔹күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

🔹 қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

🔹белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

🔹 банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

🔹 өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.