
Оралда сараланған тариф 2022 жылдың 10 тамызынан бастап енгізіледі. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысының өзгеруі:
Электронды төлем жүйесімен жол ақысын төлеген жағдайда ересектер үшін - 80 теңге, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін - 40 теңге. Ал жол ақысы қолма-қол төленген жағдайда - 150 теңге. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін қолма-қол төлем - 70 теңге.
Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу әдістері:
- Көлік картасы
Avtobys қолданбасына -QR коды
-автобустың мемлекеттік нөмірі бойынша
- Bluetooth төлемі
- Kaspi QR жүйесі арқылы төлем.
Жол ақысын төлеуге арналған көлік карталарының түрлері:
-Стандартты - 450 теңге
- Мектеп (7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар) - 450 теңге
- Әлеуметтік (көруіне байланысты 1 топтағы мүгедектер; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері).
Көлік карталарын төменде көрсетілген мекенжайлардан сатып алуға болады:
📍Сырым Датов көшесі, 4 (Автобекет)
📍«Жәңгірхан» сауда үйі (1 қабат)
📍 «Орал» ойын-сауық кешені (1-қабат)
📍 «City center» орталығы (1-қабат)
📍 «Азиза» сауда үйі (1-қабат)
📍Қ.Аманжолов көшесі, 57/1 («Салют орто» дүкені)
📍Исатай-Махамбет көшесі,84 (ХҚО ғимараты)
📍Жигули аялдамасы «Outlet» дүкені
📍 «Әмбебап дүкені» аялдамасы (Гүл дүкені)