
2022 жылдың 2 тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 мемлекеттік қызмет және 157 қосалқы қызмет енгізілген.
1. Жалпы ақпарат
2022 жылдың 2-ші тоқсанында 1 059 115 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 15 438 (1,5 %),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 8 830 (0,8%),
- тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде - 608 295 (57,4%),
- тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 426 552 (40,3%).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 92, оған
9 233 тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 47 саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.