Қазақстанда сапасыз интернет пен байланыс үшін жауапкершілік күшейтілді

Қазақстанда сапасыз интернет пен байланыс үшін жауапкершілік күшейтілді
 
#Repost @kaznews
• • • • • •
Президенттің тапсырмасы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) мен қазақстандық депутаттар сапасыз қызметтер, оның ішінде Интернет қызметі үшін байланыс операторларының жауапкершілігін қатаңдату шараларын әзірледі, деп хабарлайды NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
⠀
Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
⠀
Бұдан басқа, бұған дейін президент байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, интернет-байланыстың нақты параметрлерінің операторлар мәлімдегендермен елеулі алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізуді және күшейтуді тапсырған болатын.
⠀
Осылайша, енді бұзушылықтар үшін байланыс операторларына 100 (318 000 теңге) орнына 1000 АЕК (3 180 000 теңге) айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзушылық болған жағдайда айыппұл сомасы 200 (636 000 теңге) бастап 1500 АЕК (4 770 000 теңге) дейін ұлғаяды.
⠀
ЦДИАӨМ талдау жүргізгенін, оған сәйкес байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскенін қосты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 562 тексеру жүргізілді (2020 жылы 51 тексеру, 2019 жылы — 93).
⠀
Сондай-ақ, ведомствода байланыс немесе интернет сапасының нашарлығынан операторға қатысты тексеру жүргізу үшін қазақстандықтарға телекоммуникация комитетінің немесе тиісті облыстың аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына ресми өтініш жолдау қажет екенін түсіндірді.
⠀
Мұны "электрондық үкімет" порталы, "Е-Оtinish" өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жасауға болады. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті.
⠀
Өтінішті алғаннан кейін прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі,оның барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша өлшеулер жүргізіледі.
⠀
Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабы бойынша хаттама жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіледі.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы елдегі интернет-байланыстың сапасын бірнеше рет сынға алып, бұл туралы мәлімдеген болатын