
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде БҚО IT HUB алаңында бағдарламалау курстарын аяқтағаны туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
2021 жылдың қазан айынан бастап БҚО IT-қауымдастығы мен Astana Hub қолдауымен web-бағдарламалауды оқуға ниет танытқандар үшін тегін негізде бағдарламалау курстары өткізілді. 600 сағатқа есептелген оқытудың толық курсын 15 жас маман өтті, олардың төртеуі түрлі IT бағыттар бойынша жұмысқа орналастырылды. Курс сабақтарын жергілікті және халақаралық IT компанияларының инженерлері жүргізді. Курс аясында тыңдаушылар html беттеу, web-дизайн және web-бағдарламалау дағдыларын игерді.