БҚО ауылдарында ҚҚП орнатылды

БҚО ауылдарында ҚҚП орнатылды

«Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін талшықты – оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі» мемлекеттік –жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ тарапынан аудандық және ауылдық әкімдіктерде БҚО-ның 68 АЕМ-де 70 қоғамдық қолжетімділік пункті (ҚҚО) орнатылды.
Қоғамдық қол жеткізу пункттердің көмегімен ауыл тұрғындары салық, айыппұлдарды төлей алады және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы, қарыздарының жоқ екендігі туралы электронды анықтамаларды оңай алады, оларды флешкаға жүктеуге болады.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары шетелге шығуға тыйымның жоқтығын, зейнетақы шоттарының жай-күйін тексере алады, тіркелген жылжымайтын мүлік туралы анықтама алады, баланы балабақшаға кезекке қояды, дәрігерге жазыла алады, пошталық қызметтерге тапсырыс беруге және курьерлік жеткізілімге қол жеткізе алады. Сондай-ақ коммуналдық төлемдерді төлеп, теміржол және әуе билеттерін сатып алуға да мүмкіндік жасалған.
Қол жетімді пункттері қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға бағытталған тағы бір қадам деп санауға болады