БҚО ауылдарында LTE (4G) іске қосылды

БҚО ауылдарында LTE (4G) іске қосылды

Құрметті Батыс-Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары Сіздерге жақсы жаңалық! 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ұялы байланыс операторы «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) облысымыздың 21 АЕМ-де LTE (4G) стандарты бойынша ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізілді (Бәйтерек ауданының Чеботарев, Сұлукөл, Чувашинское, Чирово, ауылдары Бөкей ордасы ауданының Бисен, Хан Ордасы ауылдары, Бөрлі ауданының Қарақұдық (Тихоновка) ауылы, Казталов ауданының Бостандық ауылы, Тасқала ауданының Шежін-2, Атамекен ауылдары, Жәнібек ауданының Өнеге, Ақоба, Тау, Қамысты, Көлтабан, Қайрат ауылдары, Ақжайық ауданының Жаңабұлақ, Бударино ауылдары, Теректі ауданының Аңқата, Ақжайық шипажайы, Подстепное ауылдары және Серебряково ауылы).
Осы бағытта жоспар-кестеге сәйкес жұмыстар жалғасуда.