САНДЫҚ ЭКОНОМИКА ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

САНДЫҚ ЭКОНОМИКА ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті Батыс Қазақстан облысының  IТ қауымдастығымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 13–18 қаңтар аралығында барлық мүдделі тұлғалар, унивеситет қызметкерлері мен оқытушылары үшін «САНДЫҚ ЭКОНОМИКА» қысқы мектебін өткізуде.

Қысқы мектепте «ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру», «Конвергентті ақпараттық – когнитивті контексттегі сандық технологиялар», «Жасанды интеллект» және машиналық оқыту», «Платформалық экономика. Сандық платформалар бизнестің жаңа үлгісі ретінде» секілді түрлі тақырыптарды қозғайтын болады.

Мектептің оқу курсын, М.В. Ломоносов атындағы ММУ экономика ғылымдарының докторы, ғылыми аға қызметкер Юдина Т.Н.; БҚО IТ қауымдастығының төрағасы - Лежников Петр Станиславович; "Студия Web-design.kz" ЖШС директоры – Мельников Иван Викторович және «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары Ашық Абат Сакенұлы жүргізуде.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер берілген болатын.